14.06.2026, 17:30
Оқылды: 25

Бокстан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы Қытайға қандай құраммен барады?

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында жалауы желбірейтін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың нақты құрамын жариялады, деп хабарлайды olympic.kz.

1781238155

Фото: olympic.kz

Ірі халықаралық додада еліміздің намысын 17 боксшы (9 ер және 8 әйел) қорғайды.

Ерлер бәсекесінде шаршы алаңға Санжар Тәшкенбай, Тимур Қабдешов, Серік Теміржанов, Санаталі Төлтаев, Абылайхан Жүсіпов, Тимур Нұрсейітов және Сабыржан Аққалықов шығады. Ал ауыр салмақтарда ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай бақ сынайды.

Әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Лаура Есенгелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова ел намысын қорғамақ.

Айта кетейік, Әлем кубогының бұл кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале