28.09.2021, 14:55
Оқылды: 120

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

"Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлер үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау мерзімі аяқталғанша 30 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

б

Құжат қабылдау 4 мамырдан 28 қазанға дейін еGov электронды үкіметінің порталы арқылы жүргізіліп жатыр. 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға 1055 стипендия бөлінген. Соның 445-і магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша үлестірілді.

110 грант денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салалары, педагогтар, мемлекеттік қызметкерлер, инженер-техник мамандықтарына бөлінді.

«Ғалымдар» тағылымдамасы санаты бойынша 500 стипендия бөлінді.

Олар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қазақстандық ғалымдардың әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету үшін бекітілді.

«Осы жылы стипендия академиялық білім алу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін – 137 мамандық бойынша тағайындалады. Тізімге «Инклюзивті білім беру», «Вирусология», «Урбанистика», «Жаңа материалдар технологиясы» сияқты маңызды мамандықтар енгізілген», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Қарбозова. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуға кеңес етілген оқу мекемелерінің тізімінде 27 елдің 207 шетелдік жоғары оқу орны бар.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале