23.01.2024, 18:00
Оқылды: 81

«Болашақ» түлектері отандық иіссу ойлап тапты

Елімізде отандық жаңа иіссу жасап шығарылды. Ол туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

жп духи

Көрнекі фото: zhaikpress.kz

«Алматыдағы Сәтбаев университетінде ашылған біздің 2 эксперименттік зертханамыз өз өнімдерін шығара бастады. Ол - иіссу (духи), отандық өнім. Парфюмды жасап шығару үшін «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерлік іс бойынша арнайы оқып келді. Сонымен қатар Ербол Сағатов - синтетикалық химия бойынша PhD докторы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыды», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, парфюмерлер иіс судан бөлек, тұрмыстық химия заттарын шығаратын команда құрып жатыр.

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале