Дәл бүгін, яғни отыз бірінші қаңтар күні зергерлік өнерге қатысы бар алтын қолды шеберлеріміздің "бүгін менің күнім" деп айтуға қақысы бар. Өйткені бүгін - халықаралық зергерлер күні, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Сурет: mydream.travel
Зергерлік кәсіп - ең алғаш пайда болған кәсіптердің бірі. Өйткені адамзат баласы есте жоқ ерте замандардан бері сұлулыққа, өзін сәндеп-безендіруге құмар болған. Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқы зергерлік бұйымдар б.з.д. 3-2 ғасырларда пайда болған. Нақтырақ айтсақ, зергерлік өнердің қанат жайған Отаны - Ежелгі Грекия және Египет саналады. Сол кездердегі алтын әшекейлер - байлық пен биліктің нышаны болды. Алғашында ағаштан, жануарлардың сүйектерінен жасалған сәндік бұйымдар бүгінде алуан түрлі бағалы тастардан жасалып жүр.