15.12.2021, 20:47
Оқылды: 140

«Буль-буль» – сәбилер үшін

Тәуелсіздік тойы қарсаңында қаламыздың нақ ортасында, яғни «EXFOTO » сауда үйінің екінші қабатында (Н. Назарбаев даңғылы, 266) 0-1,5 жасқа дейінгі нәрестелерге  арналған «Буль-буль» атты жаңа сауықтыру орталығы ашылды. FD86765B-F792-4187-A14F-699C0607E08F

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өмірге келген аталмыш жоба иесі, жеке кәсіпкер Надежда Мұхамбетова. Ол 4 325 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты ұтып алып, бұл бағыттағы міндетті жұмысын бастап та кетті. Қажетті құрал-жабдықтар толықтай сатып алынып, үш адам тұрақты қызметке тартылған. Ал орталыққа басшылық жасауды қызы Мәрия Мұхамбетоваға жүктепті.

F7D57C86-19B7-416D-96AF-66DAFF0A1E70

– Жасыратыны жоқ, алғашқы сәтте қорқыныш болды.  Отбасы мен жанашыр жандардың қолдауының арқасында нар тәуекел іске кірістік. Әп дегеннен бәрін сөзбен жеткізгенше, қызығушылар өздері келіп көргені дұрыс шығар. Ойда болғанмен, әлі бітпеген шаруалар да бар. Жалпы, мұнда сәбилер арнайы жасақталған су бассейндерінде қажетті емдік шараларын алады. Бізде көп балалы жанұяларға 15 пайыздық жеңілдік қарастырылса, алғашқы сынақ сабағы тегін.  Атам қазақ бауыр еті – баласы үшін қандай іс-әрекеттен де тартынбаған ғой. Келіңіздер, көріңіздер, жетпейтінді бірге жетістірейік, – дейді орталықтың басшысы Мәрия Талғатқызы.

 Бақытжан Ордабаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале