3.06.2022, 17:00
Оқылды: 180

Бұл референдумда әр азаматтың дауысы - маңызды - Тоқаев

Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

«Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлттың тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін түн ортасында референдумға қатысты үгіт-насихат аяқталады.

Референдумда 11 мыңнан астам қазақстандық шет мемлекеттерде дауыс береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале