29.06.2020, 16:01
Оқылды: 45

"Бұл вирустың қаншалықты қауіпті екенін әлі де түсінбей жүрген адамдар бар"

Әлемді алаңдатқан қауіпті вирус күн санап таралуда. Өкініштісі, оның қаншалықты қауіпті екенін әлі де түсінбей жүрген адамдар бар.
Осыдан 2-3 ай бұрын вирустың барына сенбейтіндер мен тәртіпке бағынғысы келмегендердің саны көп болды. Енді міне, жағдай ушығып барады. Облыста вирустың бұлай тез таралуы адамдардың той-қонақтыққа шектеу қойса да, жасырын өткізуі, алаңсыз көшеде серуендеуі кесірінен болып отыр. Қазір таныс-жақындарымыздың арасында науқастанғаны да, өмірмен қоштасқандары да бар. Жүрегің ауырады, алдағы күнге көңілің алаңдайды.
Құрметті достар, әріптестер, туыс-достар мен барша таныстар, жалпы қазақстандықтар! Ойланайық. Өзіміздің де, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарауды үйренейік. Маска киіп, оны жиі ауыстырып, антисептик қолданып жүру қиын емес қой. Үйіміз бен ауламызды да өзіміз үшін таза ұстайық. Барынша үйде болайық, той-томалақ пен өзге де жиындарды ұйымдастырмайық, бармайық. Сәл шыдайық. Бәрі жақсы болатынына сенемін.
Салтанат Тұманбаева,
"Болашақ" ҚҚ директоры
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале