11.05.2022, 22:48
Оқылды: 131

Бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа елордадан үш бөлмелі пәтер берілді

Сегізінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

40E7A45C-D42A-43BD-9409-6389397887F6

Сәбит Шонтақпаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында оқиғаның қалай болғанын айта келе, өзіне үй сыйлаған «G-парк» компаниясының басшылығына алғысын білдірді.

«Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!» - деді ол.

Сәбит Шонтақбаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында да болып үлгерді.

ТЖМ бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Құлшымбаев батыр азаматты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Айат кетейік, бүгін таңертең елордада қызылордалық азамат 8-қабатта терезеден салбырап тұрған бүлдіршінді құтқарып қалды. Бұл оқиғаның видеосы желіде кең таралып, Сәбит Шонтақбаевтың батыл әрекетіне көпшілік тәнті болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале