3.02.2022, 17:50
Оқылды: 91

Бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер жалға алу ақысын төлеуден босатылды

Ұлттық экономика министрі 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алуға) қағидаларына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

3cdd7e3f45a6444ca6caa62e043bfbf9

Осылайша, жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдағаны (жалға алу) үшін тәртіпсіздіктерден зардап шеккен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан 2022 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейінгі кезеңде ешқандай ақы алынбайды.

Енгізілген өзгеріске сәйкес, жалдау туралы шартқа қосымша шарт жасау қажет.

Бұйрық 2022 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале