1.12.2023, 12:00
Оқылды: 197

БҰҰ Бас хатшысы 2023 жылды тарихтағы ең ыстық жыл деп атады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дубайда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясына (СОР28) қатысушылардың 28-ші конференциясында 2023 жылды адамзат тарихындағы ең ыстық жыл деп атады. Каzinform бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

06498e4497b0c2baf36369c5600d9b30_1280x720

Фото: экология және табиғи ресуртар министрлігінен

«2023 жылғы жаһандық климатқа қатысты жағдай айқын. Жағдайдың жылдам өзгеріп жатқаны соншалық, жыл соңы аяқталмай жатып осы жылдың тарихтағы ең ыстық жыл болғанын нақты айта аламыз», - деді БҰҰ басшысы СОР28 делегаттарына жасаған видеоүндеуінде.

Ол биыл әлем жұртшылығы өрт, су тасқыны және аптап ыстықтан жапа шеккенін айта келе, ғаламдық жылынудың рекордтық жылдамдығы әлем көшбасшыларын әрекет етуге итермелеуі керек екенін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале