4.11.2022, 16:15
Оқылды: 136

БҰҰ-дан бізге Мәсімов туралы ресми ұсыным түскен жоқ – Бас прокурордың орынбасары

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Кәрім Мәсімовтің ұсталуына байланысты БҰҰ-ның мәлімдеме жариялауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокурордың орынбасары ондай мәліметті әлеуметтік желіден көргенімен, органға ресми ұсыным келмегенін атап өтті.

«Мен оны әлеуметтік желіден көрдім. Бірақ жұмыс ұсынымдарын әлі көрген жоқпын. Біздің Бас прокуратураға ресми түрде түскен кезде ол бойынша жұмыс істейміз. Сол ұсыным бойынша кейін шешім қабылданады», - деді Әсет Шындалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале