Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды
2 Ақпан 2023

Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді
1 Ақпан 2023

Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді

Соғыс және еңбек ардагері Иван Степанович Гапич 100 жасқа толды
1 Ақпан 2023

Соғыс және еңбек ардагері Иван Степанович Гапич 100 жасқа толды

Оралдағы №28 мектепте өрт шықты
31 Қаңтар 2023

Оралдағы №28 мектепте өрт шықты

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды
30 Қаңтар 2023

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында
24 Қаңтар 2023

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

БЖЗҚ салымшыларға алаяқтардың жаңа әдісі туралы ескерту жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа алаяқтық әдісі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

IMG-20220824-WA0004

"Өзін "БЖЗҚ" АҚ қызметкерімін деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшін қандай да бір банктік шотты толтыруды сұрайтын анықталмаған тұлғалардың бірлі-жарым қоңырау шалу жағдайлары басталды. Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот ісін жүргізу үшін өтемақы төлеу бойынша шетелдік банктерден төлемдер қабылдау үшін қолданылады екен. Егер сіз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс", - делінген қор хабарламасында.

БЖЗҚ мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерінен түспейтінін ескертеді және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені тоқтатуды сұрайды.

БЖЗҚ төмендегі заң тармақтарын еске салады:

- "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

- "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.

Осылайша, сот орындаушысының немесе кез келген үшінші тұлғаның сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуы мүмкін емес.

"Сіздің жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды!",- делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале