28.01.2021, 15:46
Оқылды: 226

CES-2021 көрмесіндегі жаңалықтар

Жуырда CES (Consumer Electronics Show) тұтынушылық электрониканың халықаралық көрмесі аяқталды. Жыл сайын АҚШ-тың Лас Вегас қаласында өтетін жаңа электрониканың, техниканың, аутокөліктердің, түрлі құрылғылардың көрмесі биыл пандемияға байланысты онлайн ұйымдастырылды.

4BB27620-DAD1-4D9B-9988-76E35578972A

CES көрмесі алғаш рет 1967 жылы Нью-Йоркте өткен екен. Ол кезде оған 200 экспонент тауарларын шығарған. EchoStar, Intel, Microsoft, Motorola, Panasonic, Philips, Samsung, Sony, Toshiba секілді әлемдік компаниялар мен келушілердің көптігі аталмыш көрменің маңыздылығын арттыра түскен еді. Әлі де сол биіктен түскен жоқ. Бүгінде аумағы он есеге үлкейген көрме жеке сатушыларды, қызмет көрсетушілерді, кәсіпкерлерді, инженерлерді және басқаларды қосқанда әлемнің 130-дан астам елін қамтиды.

86523E22-DBCE-4524-BDDE-4437BF1BF5BB

Биылғы CES-2021 көрмесіне ұсынылған жаңа технологиялардың арасында денсаулық сақтау мен онлайн жұмыс істеуге, көліктерге қатысты жабдықтар бар. Бүгінгі санда 112.ua сайты жариялаған солардың бірнешеуімен таныстыруды жөн көрдік.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №8 санынан оқи аласыздар.

Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале