24.09.2019, 12:35
Оқылды: 391

Чапаевта инсульт орталығы мен реанимация бөлімшесі ашылады

Сондай-ақ компьютерлік томограф та орнатылуда. Ақжайық ауданында бір-бірден емхана, аудандық және ауылдық аурухана,11 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 29 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетуде.

aqjaiyq (3)

-Бұл нысандарды жөндеу жұмыстарына көңіл бөлінуде. 2019 жылы Қабыршақты,Мерген және Есенсай дәрігерлік амбулаторияларына, Тасоба, Қызылжар медициналық пунктіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы денсаулық саласы да оң өзгерістерге толы. Атап айтатын болсақ, осы айда облыстың оңтүстік аудандарына арналған инсультті орталық және мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы облыстық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы қарастырылып, аудан орталығынан компьютерлік томограф, сонымен қатар инсультті орталық жаңынан реанимация бөлімшесін ашу үшін барлық құрылғылар әкелініп, қазіргі таңда орналастыру жұмыстары жүргізілуде, жуырда ашылады.Орталық ашылған жағдайда қан қысымы және жүрек ауруымен ауратын тұрғындарға ерте оңалту жұмыстары жүргізіліп, дер кезінде көмек көрсетіледі,-дейді Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов.

2018 жылы 5 дәрігер, 6 орта медицина қызметкері жұмысқа қабылданса, биыл 6 дәрігер, жұмысқа қабылданған. Әлі де ауданға 10 медицина саласының қызметкері қажет. Осыған орай, Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Орал қалаларындағы бос орындар жәрмеңкелеріне ауданның мекеме басшылары қатысып, қажетті маман иелерін жұмысқа шақырып, келісімшарт жасасуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале