23.12.2021, 20:39
Оқылды: 251

Чемпионат мәреге жетті

Кеше Орал қаласындағы теннис орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Нақ осы күні Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Рио Олимпиадасының жеңімпазы, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды. Туған жеріне келген боксшыға құрметті атақты Қазақстан чемпионаты барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев табыс етті. Өңір басшысы Даниярдың әкесі Марат Елеусіновтің баптауымен бокс шыңын бағындырғанын атап өтіп, енді кәсіпқой рингте де зор табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.

2FFC14B6-639A-4745-AE0C-4203B2A01E09

Данияр Елеусінов өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын айтып, алдағы уақытта да ел үмітін ақтау үшін бар күш-жігерін салатынын мәлім етті. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Қуаныш Уахасов пен БҚО бокс федерациясының президенті Бауыржан Кәрімовке мемлекеттік дәрежедегі мерейлі марапат табыс етілді.

EC94DE83-1966-49C9-9860-51A5A493E5D6

Сонымен, Орал төрінде шаршы алаңға шыққан кіл мықты боксшылар өзара кім мықтыны анықтады. Жоғары деңгейде өткен жарыста жанкүйерлер күтпеген нәтижелер де болды. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген боксшылардың да жеңілгенін көрдік. Жалынды жас боксшылардың жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінездеріне де куә болдық. Төрешілер шешімі қайта қаралып, жеңімпаз қайта анықталған сәттер де орын алды. Қош, сонымен ел чемпионатының қорытындысына назар аударыңыздар.

Чемпионаттың нәтижесі
48 келі
1. Санжар Ташкенбай (Нұр-Сұлтан қаласы)
2. Даниял Сәбит (БҚО)
3. Кенже Мұратұлы (Алматы облысы)
4. Ернұр Қайрат (Алматы қаласы)

51 келі
1. Дамир Әбдіқадыр (Алматы облысы)
2. Нұрсұлтан Нұриденов (БҚО)
3. Тимур Қабдешов (Ақмола облысы)
4. Қуаныш Дүйсенбай (Маңғыстау облысы)

54 келі
1. Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы)
2. Олжас Байниязов (Атырау облысы)
3. Дәулет Молдашев (ШҚО)
4. Алтынбек Нұрсұлтан (Қызылорда облысы)

57 келі
1. Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)
2. Айдос Арапов (Қостанай облысы)
3. Ерболат Сабыр (Павлодар облысы)
4. Бейбарыс Жексен (Жамбыл облысы)

60 келі
1. Василий Самчук (Қарағанды облысы)
2. Әділет Құрметов (ШҚО)
3. Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)
4. Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы)

63,5 келі
1. Ділмұрат Мәжитов (Алматы қаласы)
2. Абзал Серік (Шымкент қаласы)
3. Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)
4. Сұлтан Мусинов (Ақмола облысы)
67 келі
1. Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы)
2. Дархан Дүйсенбай (Алматы облысы)
3. Мирас Ертанов (Алматы қаласы)
4. Дәулет Нысан (Шымкент қаласы)
71 келі
1. Ермахан Жақпеков (ШҚО)
2. Қуан Қуатов (Павлодар облысы)
3. Армат Арманұлы (Алматы қаласы)
4. Нұржан Амангелді (Алматы облысы)

75 келі
1. Райыс Нұрқанат (Атырау облысы)
2. Аятулла Такижанов (Павлодар облысы)
3. Диас Молжігітов (Жамбыл облысы)
4. Тимур Нұрсейітов (Алматы қаласы)

80 келі
1. Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан қаласы)
2. Жәнібек Қартбаев (Ақтөбе облысы)
3. Еркебұлан Әкімбай (Алматы облысы)
4. Бауыржан Байгоншеков (Павлодар облысы)

86 келі
1. Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы)
2. Мәди Әміров (Алматы қаласы)
3. Оңталап Рахманов (Қызылорда облысы)
4. Бекзат Таңатар (Шымкент қаласы)

92 келі
1. Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан қаласы)
2. Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)
3. Ерхат Бекзат (ШҚО)
4. Бексұлтан Орынбай (Шымкент қаласы)

92+ келі
1. Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы)
2. Аманат Сабырғали (Атырау облысы)
3. Дамир Тойбай (Алматы қаласы)
4. Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы)

Алтынбек Ермекқалиев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале