23.09.2022, 16:01
Оқылды: 163

Черногория парламенті ел президентін отставкаға жіберуге ниетті

Черногория парламенті депутаттарының басым бөлігі ел президенті Мило Джукановичті отставкаға жіберу рәсімін бастау туралы ұсынысты қабылдады, деп хабарлайды ТАСС RTCG агенттігіне сілтеме жасап.

IMG-20220923-WA0013

Басылымның жазуынша, 80 депутаттан тұратын парламенттің 41 депутаты парламентке "президенттің конституцияны бұзғанын тексеруді" тапсыратын құжатқа қол қойған.

Сонымен қатар Черногория басшысын отставкаға жіберу процедурасын бастауды мақұлдаған.

РБК-Украинаның хабарлауынша, Джуканович Черногория Конституциясының 95-бабының бесінші тармағын бұзды деп айыпталып отыр. Ол барлық парламенттік партияларды болашақ премьер-министрдің кандидатурасын таңдау бойынша консультацияға шақырмаған.
Айта кетейік, Мило Джуканович 1991 жылдан бері қысқа үзілістермен Черногорияны басқарып келеді. Ол ел президентінен бөлек, премьер-министр қызметін де атқарған болатын.

Nur.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале