4.02.2025, 9:15
Оқылды: 78

Цифрландыру. Ашықтық. Тиімділік

Өткен аптада Орал қалалық соты ғимаратында былтырғы  жылғы  сот  жүйесінің  жұмыс  қорытындыларына  арналған  брифинг  өтті.  Жиынға Орал қалалық соты әкімшісінің басшысы  Берікқайыр  Қаженов,  сот  төрағасының  міндетін  атқарушы  Варвара  Дмитриенко  және  БАҚ  өкілдері  қатысты.

Creative photo collage or modern art collage featuring symbols of law and justice. Hand holding a gavel and scales of justice with books about law.

Сурет: istockphoto.com

Брифинг барысында өткен жылдың сот істерін қарау нәтижелері жөнінде есеп тыңдалды. Варвара Дмитриенконың айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік құрылымдарда цифрландыру үрдісі жүргізілуде. Осыған сәйкес сот жүйесі де электронды іс жүргізуге көшті. Бүгінде республика соттары істерді электронды сипатта қарауда. Бұл жаңашылдық сот ісін жүргізу сапасын арттырып, халықтың сот билігіне деген сенімін күшейтуге оң ықпал етпек. Бұған қоса сот төрағасының міндетін атқарушы өткен жылдың 12 айындағы статистикалық мәліметтерді жария етті.

– Өткен 2024 жылы барлығы 567 қылмыстық іс қаралып, олардың 540-ы электронды сипатта өткен. Мемлекеттік тілде қаралған істер саны – 218. Медиация тәртібімен татуластыру рәсімдері кеңейтіліп, нәтижесінде 18 қылмыстық іс тоқтатылды, – деді В. Дмитриенко.

Брифинг барысында сот әкімшісінің басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен мемлекеттік тілде қаралатын істердің санын арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Жиын соңында сот төрағасының міндетін атқарушы тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, қатысушыларға алғысын білдірді және алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті  екенін  жеткізді.

Аружан Аманжол,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале