«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

Цифрлық құжаттар сервисі тағы бір қажетті құжатпен толықтырылды

Азаматтардың құжаттарын (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі және тағы басқа), оның отбасын (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтитын, бәріне ұнайтын цифрлық құжаттар сервисінде тағы бір құжат (басқа құжаттар бөлімінде) пайда болды. Енді әрбір азаматқа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі қолжетімді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

7ddc3e7324e89f3e0537ee9a60e205a5_1280x720

Бұл сервис ҚР Цифрлық даму министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ үйлесімді жұмысының арқасында  іске асты.

Сақтандыру полисі – көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы шарттық қатынастардың дерегін растайтын құжат.

-Басқа цифрлық құжаттармен ұқсастығы бойынша «сақтандыру полисі» қағаз құжатпен қатар заңды күшіне ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің мерзімі және т. б. туралы ақпаратты қамтиды. Осы цифрлық құжаттағы барлық мәліметтер «Мемлекеттік кредиттік бюро»АҚ ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы көрсетіледі. Министрлік халыққа ыңғайлы болу үшін құжаттарды цифрландыру жұмысын жалғастырады, - деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Бұл цифрлық құжат азаматтарға өз құжатын мобильді қосымша арқылы электрондық форматта көруге, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Сақтандыру полисінің болуы немесе болмауы туралы ақпарат міндетті сақтандыру туралы Заңның талаптарын, атап айтқанда, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін орындау үшін, сондай-ақ азаматты сақтандыру шартының аяқталу мерзімін бақылау және өзге де мақсаттар үшін пайдалану үшін қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале