17.12.2021, 16:40
Оқылды: 90

COVID-19. Грекияда 5 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады

Грекияда 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады.

C57B42F4-1AB4-453F-BF44-A9C01F8A41AA

Екпе қабылдауға ниет білдіріп жатқандар көп. Ата-аналар 30 мыңнан аса ұл-қызын кезекке жаздырған. Грекиямен қатар Еуроодақтың тағы бірнеше елінде 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға екпе сала бастады. Бұлар Италия, Испания және Венгрия. Мамандар қазіргі демалыс кезінде ауру өршіп кете ме деп қауіптенеді. Оның үстіне көп елде омикрон тез тарап барады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале