1.11.2026, 10:00
Оқылды: 32

Дакар Олимпиадасында Қазақстан туын Фатима Сұпығалиева мен Әлихан Ағабек ұстап шығады

Сенегалдың Дакар қаласында өтетін IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек ұстап шығады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.

IMG_20261031_211228_344

Фото: olympickz

​Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол 2026 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионы және 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы.

Ал Әлихан Ағабек жағажай волейболынан Оразалы Сағынышпен бірге сынға түседі. Қос спортшы былтыр Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алса, биыл 18 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының 1/16 финалына дейін жетті.

IMG_20261031_211233_818

​Жалпы, Дакардағы Олимпиадада 18 қазақстандық 11 спорт түрінен бақ сынайды. Биыл спортшыларды іріктеу тәртібі өзгеріп, дәстүрлі іріктеу турнирлерінің орнына жолдамаларды Халықаралық олимпиадалық комитеті мен халықаралық федерациялар белгіленген талаптар бойынша бөлді.

​Еске салайық, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Бұл — Дакардың Африка құрлығында Олимпиада ойындарын қабылдайтын алғашқы қала болуымен ерекшеленетін тарихи дода.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале