16.02.2023, 23:25
Оқылды: 39

Дамир мен Еділбек үздіктер қатарында

Ақтөбе шаңғы жарысынан спорт мектептері арасындағы ел чемпионатын қабылдады. Ақпанның 12-сі мен 16-сы аралығында өткен байрақты бәсекеде Еділбек Елубаев, Дамир Қабикесов және Жанерке Тудахунова сынды өңір спортшылары да бой көрсетті.

IMG-20230215-WA0011

Жарыстың алғашқы күні шаңғышылар "Пролог" дистанциясында, яғни 3,3 шақырымда кім мықтыны анықтады. Қысқа қашықтықта алдына жан салмайтын Еділбек Елубаев бұл бәсекеде алтыннан алқа тақты.

IMG-20230215-WA0012

Одан соң еркін әдіспен 10 шақырым қашықтыққа аттанған спортшылар ел чемпионатының кезекті медаль жиынтығын сарапқа салды. Бұл жарыста Дамир Қабикесов қола, Еділбек Елубаев күміс медаль қанжығалады. Дәл осы жарыста бақ сынаған ақсайлық Жанерке Тудахунова үздік бестіктен көрінді. Өзінен екі-үш жас үлкен спортшылармен жарыс жолына шыққан Жанеркенің бұл жетістігі ерлікке пара-пар. Ол өз жасында еліміздегі үздік екенін тағы көрсетті.

IMG-20230215-WA0010

Бірнеше күнге созылған жас шаңғышылар додасының соңғы күні спортшылар классикалық әдіспен 10 шақырымды бағындырды. Бұл сында Дамир Қабикесов екінші орынға ие болса, Еділбек Елубаев үздік үштікті түйіндеді.

Үш күндік жарыстың қорытындысында жалпы есепте Еділбек Елубаев екінші, Дамир Қабикесов үшінші орынға жайғасты.

Енді өңір шыңғышылары Қостанай қаласында бас қосып, жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында күш сынасады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале