12.09.2022, 10:45
Оқылды: 0

«Дәріханалар қызметі тексеріле ме?»

Сәбит Ескендіров, ҚР ДСМ  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы:

13

– «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы мемлекеттік бақылауға алынады. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің негізгі функцияларының бірі – денсаулық сақтау саласында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау.

Бақыланатын фармацевтикалық қызметпен айналысатын нысандардың барлығы кәсіпкерлік санатына жатады. Облыс аумағында 303 бөлшек сауда және 20 көтерме сауда нысаны тіркелген. Олар белсенді жұмыс істеп тұр. Осыған орай, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер Қазақстан    Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 1-тармағына сәйкес тексеріледі. Яғни жоспардан тыс тексеру үшін нақты деректер мен мән-жайлар бар негіздер қажет. Дегенмен облыс аумағында тіркелген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің 80%-дан астамы шағын және  микрокәсіпкерлік    санатына жатады. Осыған байланысты тексеруді тағайындауға жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде құқық қорғау құрылымдарынан келіп түскен материалдар негіз бола алады. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының 2-тармағына сәйкес  осы құжаттың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында    көзделген тексерулер орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы құрылымның бірінші басшысының шешімі негізінде жүргізіледі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 233-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы еліміздің денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіптің сәйкестік сертификатымен расталмаған, ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі өткен, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда ауылдық елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық  бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау ұйымдарында уақытша сақтау қоймалары арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады. Жыл басынан бері департаментте дәрілік заттарды заңсыз өткізу деректері бойынша бір жеке тұлғадан және бір заңды тұлғадан шағымдар тіркелді. Шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерістер жүргізілді. Тексеріс нәтижелері бойынша фактілер расталып, әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале