21.11.2023, 16:30
Оқылды: 40

“Дәрмек” шарасы: 79 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13-17 қараша күндері ел аумағында “Дәрмек” кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ЖП

Операцияның бес күнінде полиция қызметкерлері есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу фактілері бойынша 20 қылмыс анықтады.

Сонымен қатар жедел-алдын алу шарасының қорытындысы бойынша 249 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 249 адам, оның ішінде 79 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлық материал Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жіберілді.

– Операция барысында полицейлер жеті мыңға жуық таблетка мен құрамында есірткі және психотроптық заттар бар 81 мыңнан астам ампула, сондай-ақ 86 тонна улы заттар тәркіледі. Лицензиялау нормалары мен сақтау объектілерінде техникалық нығайту талаптарының бұзылуына байланысты 3,2 тонна прекурсордың айналымы шектелді, – деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале