25.08.2021, 17:18
Оқылды: 156

Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Бүгін «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өңіріміздің білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті. 

 WhatsApp Image 2021-08-25 at 16.17.46 (2)

Кеңес жұмысына облыс әкімі Ғ.Есқалиев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Назарбаев Зияткерлік мектептер дербес білім беру ұйымының, «Bilim Media Group» компаниясының өкілдері, білім саласының ардагерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшылары, білім беру және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы, білім беру бөлімдерінің және оқу орындарының басшылары, мұғалімдер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2021-08-25 at 16.17.54

Конференция барысында облыстың білім беру жүйесіндегі мәселелер талқыланып, байқаулардың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.

WhatsApp Image 2021-08-25 at 16.17.47 (1)

WhatsApp Image 2021-08-25 at 16.17.47 

Батыс Қазақстан облысының

 білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале