4.11.2020, 15:24
Оқылды: 786

Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі – «AQJAIYQ» телеарнасында

5 қараша күрі сағат 12:00 және 13:00де "Aqjaiyg" телеарнасының "Күншуақ" қазақ және орыс тілдерінде өтетін ақпаратты сазды бағдарламасында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары   оркестрінің артистері қатыспақ.

оркестр

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері "Құрмет" орденінің иегері, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері Еркін Нұрымбетов. Бағдарламаға ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Жамиля Нұрымбетова, ҚР мәдениет саласының үздігі Асылхан Қазиев, республикалық конкурстардың лауреаттары Ескендір Нұрмағамбетов, Виктор Витман, Генадий Смирнов, Қуаныш Құспанов, Гаухар Бекмашева, Ғарифолла Науханов тікелей эфир форматында өтетін бағдарлама аясында көрермендер сауалдарына жауап беріп, күйлерді орындамақ.

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі биыл ұжымның 20 жылдығы аясында дәулескер күйші Дәулеткерейдің 200 жылдық мерейтойын да лайықты табыстармен қарсы алып отыр, - дейді  облыстық филармонияның ақпарат бөлімі жетекшісі Олжас Сейтимов.

Ертай Бимұханов,

           zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале