Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Фото: egemen.kz
Айта кетейік, ол бұл жоғары лауазымға 2025 жылдың маусым айында тағайындалып, елдің әскери ведомствосын басқарған болатын. Оған дейін 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған.