16.02.2022, 14:30
Оқылды: 131

ДДСҰ коронавирустан қайтыс болғандардың 4% өскенін хабарлады

Соңғы аптада 16 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 74 мыңнан астамы қайтыс болды.

220216110040877e

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сейсенбі күні кешке ковид жұқтырғандар саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 19%-ға азайып, ал қайтыс болғандар саны 4%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның апталық бюллетенінде көрсетілгендей, 7-13 ақпан аралығында COVID-19 вирусын жұқтырушылар саны өткен аптамен салыстырғанда 19%-ға азайды. Ұйым 16 097 642 адам ковид жұқтырғаны туралы хабарлама алды. 74 494 өлім тіркелді, бұл алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 4%-ға артық.

Өткен аптамен салыстырғанда (31 қаңтар – 6 ақпан) вирус жұқтырғандар санының артуы Тынық мұхитының батыс аймағында (19%-ға) тіркелді. Сонымен бірге ДДҰ-ның қалған бес аймағында аурушаңдық төмендеді. Әсіресе айтарлықтай төмендеу Оңтүстік-Шығыс Азияда (37%-ға), Америкада (32%-ға) және Африкада (30%-ға) тіркелді. Бір аптада әлемде жаңа инфекциялардың 60%-ын құрайтын Еуропада бұл көрсеткіш 16%-ға төмендеген. Өлім-жітім Шығыс Жерорта теңізінде (38%-ға), Батыс Тынық мұхитында (27%-ға), Африкада (14%-ға), Америкада (5%-ға) және Еуропада (1%-ға) өсті. Бұл ретте Оңтүстік-Шығыс Азияда 9%-ға төмендеді.

Ресейде бір аптадағы ең көп инфекция жұқтыру (1 323 391) жағдайы тіркелді. Одан кейін Германия (1 322 071), АҚШ (1 237 530), Бразилия (1 009 678) және Франция (979 228). Америка Құрама Штаттарында жеті күнде ең көп өлім-жітім тіркелген (17 225). Одан кейін Үндістан (6686), Бразилия (6658), Ресей (4834) және Мексика (2530).

ДДҰ мәліметі бойынша, 15 ақпанда Мәскеу уақытымен 19:50-де ұйым 412 351 279 вирус жұқтырған және 5 821 004 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат алған. Вирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 1 469 326-ға, қайтыс болғандар 7 351-ге өскен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале