12.04.2022, 16:00
Оқылды: 125

ДДСҰ омикрон штамының жаңа түріне алаңдап отыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын омикрон штамының жаңа түрі алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

photo_97419

Иллюстрация: elements.envato.com

Басылымның мәліметінше, ұйым коронавирустың омикрон штамының екі жаңа кіші түрін бақылап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы BA.4 және BA.5 штамдарының жұқпалы екенін анықтау үшін бағалау тізіміне қосқанын айтты."ДДСҰ қосымша мутацияларға байланысты жаңа кіші түрлерді бақылауды бастады, олардың иммундық қорғаныс әлеуетіне әсерін түсіну үшін қосымша зерттеу қажет", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс әлемде COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын айтты. Ол соңғы аптада COVID-19-дан өлім саны азайып жатқанын, бірақ вирус өте жұқпалы екенін, дамуын жалғастырып жатқанын айтты.

"COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ. Ол жұғуын тоқтатпағанша пандемия еш жерде аяқталмайды", - деді Гебрейюс.

Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты инфекция тезірек таралуы мүмкін, бұл өз кезегінде жаңа штамдардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

"Вакцина өмірді сақтап қалудың ең күшті құралы болып қала береді", - деді ДДҰ басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале