18.01.2024, 17:00
Оқылды: 37

Декларация тапсырдыңыз ба?

Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларациялауға 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшеді. Биыл аталмыш іс-шараның үшінші кезеңі басталды. БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  декларация жөнінде жан-жақты мағлұмат бермекпіз.

телефон

Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты қандай?

 Көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табысы мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру.

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің  рөлін күшейту.

Декларациялау неше кезеңнен тұрады?

 1-кезең – 2021 жылғы 1 қаңтарда басталды.

Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары тапсырды.

2-кезең – 2023 жылғы 1 қаңтарда басталды.

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. салаларын қоса алғанда) және  олардың  жұбайлары;

Квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  қызметкерлері  және  олардың  жұбайлары  тапсырды.

3-кезең – 2024 жылғы 1 қаңтарда басталды.

Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер,

сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға тиіс. Жұмыс істемейтін және уақытша тоқтатылған  кәсіпорындар  басшылары  да  тапсырады.

*филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болмағандықтан, биыл филиалдар мен өкілдіктердің басшылары декларация ұсынуға міндетті емес (ҚР Азаматтық кодексінің 43-бабының

3-тармағы). Сондай-ақ активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды.

2024 жылдың қаңтарынан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларация – 250.00-нысан ұсынылады

Декларацияда жеке тұлғаның шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі.

* шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;

* шетелдік банктегі ақша 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК);

* шетелдік компаниядағы қатысу үлесі;

* бағалы қағаздар, сандық активтер (биткоиндер және т. б.);

* үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі);

* инвестициялық алтын (құйма алтын);

* зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;

* 34,5 млн  теңге (10 000 АЕК )шегінде қолма-қол ақша;

* басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары;

* құны 3,5 млн теңгеден асатын басқа мүлік (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т. б.) – бағалауды 31.12.2023 ж. жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін (2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей) жасау қажет.

* 2025 жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация   (270.00-нысан) ұсынылады.

*Онда күнтізбелік жыл ішінде  алынған кірістер, Қазақстанда және шетелде мүлікті сатып алу не иеліктен шығару туралы мәліметтер, оларды сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері көрсетіледі.

Декларацияны ұсыну тәсілдері мен мерзімі

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет.

Электрондық түрде – «Салық төлеуші кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің  web-порталы  арқылы (cabinet.salyk.kz);

«Электрондық үкімет» порталы (egov.kz)

«Е-salyq azamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы;

Қағаз жүзінде тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кіріс құрылымдарына барып немесе пошта арқылы да ұсынады.

Декларацияны тапсыруға қалай дайындалуға болады?

Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша сенімді түрде декларациялау қажет. Болашақта активтердің құны салық салынатын табысты айқындау кезінде ескеріледі. Сондықтан декларацияны толтырмас  бұрын:

* тиісті растайтын құжаттарды дайындау;

* ақшалай қаражатты (34,5 млн теңгеден астам) 31.12.2023 ж. дейін банктік шоттарда орналастыруға құқылы;

* бастапқы декларация берілген күнге дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы борыштар мен талаптарды нотариалды куәландыру;

* декларация ұсынғанға дейін бірлігінің құны 2023 жылғы 31 желтоқсанға 3,5 млн теңгеден асатын мүлікті бағалау.

Жеке тұлғалардың табысына салықтық бақылау қалай жүргізіледі?

Бастапқыда аутоматты камералдық бақылау – жеке тұлғалардың шығыстарына мониторинг келесідей жүргізіледі:

* декларацияның болуы/болмауы тексеріледі;

* декларацияда кірістер мен мүлікті көрсетпеу және кірістерді төмендету фактісі анықталады.

* Камералдық бақылау қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жоймаған  азаматтарға  қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.

Жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі

*Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 51 750 теңге (15 АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

*Декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК 272-бабы) салынады.

*Салық салу объектілерін жасырғаны үшін жыл ішінде алғаш рет – төленбеген салықтар сомасынан 200% айыппұл, қайталап бұзғаны үшін – 300% мөлшерінде айыппұл (ҚР ӘҚБтК 275-бабы).

Ясипа Рабаева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале