25.01.2024, 18:00
Оқылды: 43

Декларациялау аясы кеңейіп келе ме?

Жыл басталғалы бері елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Тұрғындар активтер мен міндеттемелер туралы есепті тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер құрылымдарына 15 қыркүйекке дейін ұсынуы керек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұрлан Рахымғалиев баяндады.

Нурлан декларация

– Декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады. Сонымен бірге бұл құжатты мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың 2023 жылы жұмысқа қабылданған қызметкерлері мен жұбайлары да ұсынуы тиіс. Декларацияда шетелдегі активтер – жылжымайтын  мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, арнайы техника немесе тіркемелер, әуе және теңіз кемелері көрсетілуі керек. Қазақстаннан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, шетел банкіндегі шоттардағы барлық банктік салым бойынша жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен (3 450 000 тг) асатын ақша да қамтылуы тиіс, – деді Нұрлан Өмірғалиұлы.

Спикер айтып өткендей, декларацияда Қазақстандағы немесе шетелдегі мәліметтер көрсетілуі қажет. Яғни  тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын,  зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, құны 34 500 000 теңгеге дейінгі (10 000 АЕК), оның ішінде банк ұяшықтарындағы қолма-қол ақша, жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыз шарттары  қамтылады. Сонымен бірге әркім өзінің қалауы бойынша құны 3 450 000 теңгеден асатын (1000 АЕК) мәдени құндылықтарды, зергерлік бұйымдарды, антиквариатты, асыл тұқымды жануарларды көрсете алады. Оларды 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін бағалау қажет. Тұрғындар декларациялауға жататын мүліктер туралы https://portal.kacd.kz, https://homeportal.kz, https://gosreestr.kazpatent.kz; https://newcab.kazpatent.kz, https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu сайттарынан біле алады. Декларацияны e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары, eGOV, moldir.goldau.kz web-порталы, cabinet.salyk.kz сайтындағы салық төлеушінің кабинеті арқылы ұсынады.

Айна Имашева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале