29.07.2022, 15:00
Оқылды: 184

Демалыс күндері күн суытып, жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК 30 шілде – 1 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_20220729_073907

Сурет: ҚазАқпарат

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы күн райы сақталады. Найзағай, бұршақ, жаңбыр күтіледі.

Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады. Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +15 +25°С болады.

Батыста +30 +35°С. Елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33°С ыстық болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале