6.05.2026, 15:45
Оқылды: 13

Денсаулығына байланысты көлік айдай алмайтындар автоматты түрде анықталады 

ІІМ енді көлік жүргізуге болмайтын азаматтар туралы медициналық деректерді алмақ. Жаңа түзетулер аясында денсаулығына байланысты көлік жүргізуге болмайтын азаматтардың жүргізуші құқығы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Мәжіліс жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша депутаттық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Hands holding a car's black steering wheel. The person is wearing a blue sleeve. The vehicle is stopped at a traffic light, visible through the windshield with a red signal illuminated. In the background, traffic signs with chevron patterns and other blurred vehicles are visible. The dashboard has a visible air vent and part of the instrument panel. The interior suggests a modern car design.

Сурет: istockphoto

 Құжат жол қозғалысы саласында мемлекет пен бизнес және азаматтар арасында ашық ережелер, цифрлық сервистер мен мәліметтер негізінде орнықты цифрлық экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

Заң жобасында заң бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуді қолдану аясын кеңейту көзделген. Бұл ретте жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жедел жәрдем қызметтерінің және тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың көлік құралдарында орнатылатын, заң бұзушылықтарды анықтайтын және тіркейтін техникалық құралдарды пайдалана отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылауды күшейту сөз болып отыр.

Сонымен қатар көлік жүргізуге медициналық теріс көрсетілімдері бар адамдарды басқаруға жібермеу мақсатында медициналық мәліметтерді ІІМ-нің автоматтандырылған жүйесіне интеграциялау ұсынылады. Мұндай жағдайларда тиісті диагноз қойылған сәттен бастап басқару құқығы тоқтатыла тұрады.

Сонымен бірге жол қауіпсіздігі саласында төленбеген айыппұлдар немесе оларды төлеу туралы ұйғарымдар болған жағдайда бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуға шектеу енгізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале