2.02.2022, 15:10
Оқылды: 84

Депозиттер бойынша наурыз айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200504145328878e

Мерзімдік депозиттерге тиесілі 12 (он екі) айлық максималды мөлшерлеме 0,3 пайыздық пунктке ұлғайды. Жекелеген банк салымдарының айрықша шоғырлануына байланысты 3, 6 және 24 айлық мерзімдік депозиттер мен 24 айлық жинақтық депозиттерге тиесілі максималды сыйақы мөлшерлемелері ақпан айындағы мәндік деңгейінде бекітілді.

2022 жылдың 24 қаңтарында базалық мөлшерлеме өзгеруіне байланысты ауысқан мерзімсіз депозиттердің максималды мөлшерлемесі өз деңгейінде қалды. Бұған дейін елдегі қаржы тұрақтылығын қамту мақсатында 2020 жылың 11 қаңтарында 3, 6 және 12 айлық жинақтық салымдар мөлшерлемесі ұлғайған болатын.

Жағдайдың тұрақталуы мен депозиттердің осы түрлері бойынша нарықта қалыптасқан орташа мөлшерлемелерді ескере отырып, 2022 жылдың наурызынан бастап 3, 6 және 12 айға жинақ салымдары бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін бірте-бірте төмендету туралы шешім қабылданды.

Осыған дейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттері бойынша 2022 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткенін жазған болатынбыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале