21.10.2022, 14:30
Оқылды: 38

Депутаттар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

«AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті. Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 12.46.24

Алдымен, партияның атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев Жолдауда еліміздің келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамалар көтергенін айтып өтті. Сондай-ақ, Президенттің қоғамдық күші ретінде бәсекеге анағұрлым қабілетті болып шығуға, еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек ету қажеттігін айтты. Жиын барысында Жолдаудағы бес бағдарды қолдау бағыты бойынша пікірлер алмасып, оны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 12.46.20

Алғаш болып сөз алған облыстық мәслихат депутаты Фарид Бахтиозин Президент Жолдауының экономикалық саясат бағдарына тоқталып өтті. Жаңа экономикалық бағдардың басты басымдықтары: жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу секілді жаңа экономикалық саясат бағдарын саралады.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 12.46.21

Ал облыстық мәслихат депутаты Әлия Салиева ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратын білім жүйесін жетілдіру бағытындағы міндеттер төңірегінде өз ойын ортаға салып, пікірін білдірді.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар алдағы сайлау науқанының ерекшеліктері туралы айтып өтті. Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері тарапынан да ұсыныстармен қатар сұрақтар да болды. Бірі сайлау ерекшеліктерін қолдау туралы ой білдірсе, бірі қосымша ұсыныстарын да айта алды.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 12.46.21 (1)

Жалпы әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдау партияға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттерді жүктейді. Бұл тұрғыда жаңару үстіндегі «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және ұсыныстарына ұйытқы болы отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады.

«AMANAT»партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале