30.12.2019, 10:10
Оқылды: 107

Деркөл кентінде мектептен тыс жұмыс орталығының жаңа бөлімшесі ашылды

Орал қаласындағы Деркөл кентінде мектептен тыс жұмыс орталығының №4 бөлімшесі ашылды.

derkol (6)

Бөлімшенің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков жиынға қатысушыларды қосымша білім беру орталығының ашылуымен құттықтап, мұндағы түрлі үйірмелердің балалардың жан-жақты, білімді, өнерлі болып өсуіне ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ қосымша білім беру саласының педагогтарына шәкірттерді тәрбиелеуде талмай еңбектеніп, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестігін бідірді.

derkol (4)

Қалалық №49 орта мектебі жанынан ашылған жаңа бөлімшеге мектеп ғимаратынан жабдықталған үш бөлме, бір зал бөлінген. Залда би, волейбол үйрмелері жұмыс істейді. Жалпы мұнда шығармашылық, өнер, спорт бағытындағы үйірмелер жұмыс істемек. Мысалға, «Шашбаулым» үйірмесі қатысушыларды шаш өруге мен шашты күтуге, бет күтіміне, ұлттық ойындарға (асық ату) үйретеді. Сондай-ақ, бөлімшеде «Әжелер» клубы құрылып, шәкірттерді ұлттық өнерге, салт-дәстүрге баулып, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелейді. Қазір бөлімшеде 8 қосымша білім беру педагогы жұмыс істейді.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

derkol (1) derkol (5) derkol (7)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале