6.02.2023, 12:15
Оқылды: 68

Digital Almaty Awards 2023 жеңімпаздарының есімдері жарияланды

"Digital Almaty: жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік" халықаралық технологиялық форумы аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктері үшін дәстүрлі жыл сайынғы сыйлық табысталды, деп жазады  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сайтында.

 

df5b1c90abfa7120bc54ed6ef4f7d6ba_1280x720

Марапаттау ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкімет басшыларының жалпы отырысы шеңберінде өтті.

EdTech номинациясының жеңімпазы Daryn проектline жобасы болды. Жеңімпазға марапатты Армения премьер-министрі Никол Пашинян тапсырды.

MedTech номинациясы бойынша cerebra жобасы үздік деп танылды. Жобаны Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко марапаттады.

fd7fdd24adb3220819c6e065f9f284d5_1280x720

FinTech номинациясының жеңімпазы Solva болды. Жеңімпазды Министрлер кабинетінің төрағасы-Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров марапаттады.

9ec7f8f9fefca8563d09a795e52b9c22_1280x720

Жылдың үздік CDO (Chief Digital Officer) номинациясы Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспановқа берілді. Марапатты Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин тапсырды.

Venture capitalist номинациясының жеңімпазы Әлім Хамитов, Most Ventures болды. Ол өз марапатын Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің қолынан алды.

E-Commerce номинациясы бойынша Flip.kz үздік болды. Жеңімпазды Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов марапаттады.

Әсем Нұрғалиева woman in Tech номинациясында үздік атанды. Жеңімпазды Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов марапаттады.

Digital Almaty Awards сыйлығы Digital Almaty халықаралы цифрлық форумы аясында жыл сайынғы дәстүрлі марапатқа айналды. Сыйлық алғаш рет 2020 жылы "Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумында табыс етілді, онда 10 цифрлық жоба ұсынылды, оның 8-і "it-Чемпиондар" санатындағы Қазақстанның үздік IT-компанияларының өнімдері және 2 жоба Astana Hub брендімен стартаптар болып табылады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале