15.09.2021, 15:46
Оқылды: 94

Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атағына үміткер

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тағы да King Choice рейтингінде Азиядағы ең сымбатты ер адам атағына үміткер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

д

Байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Екінші орында Димаш Құдайберген (1 290 408 дауыс), бірінші орында BTS тобының оңтүстіккореялық әншісі Ким Сокджин (1 973 428 дауыс) тұр. Әзірге үшінші орынға 967 161 дауыс жинаған тай актері Уин Метавин тұрақтаған.

Димаш Құдайберген - рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Сонымен қатар, Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар.

 Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале