12.10.2022, 17:17
Оқылды: 76

Димаш Құдайберген Джеки Чанның кітабында есімі аталғаны үшін оған алғысын білдірді

Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында танымал актер Джеки Чанның кітабы шығуымен құттықтады. Димаш режиссерға кітап мұқабасында есімі аталғаны үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
fbb394bbd06c4261ae4534e1145ce136

Димаш 11 қазандағы жазбасында Джеки Чан оның сүйікті актері екенін айтты. Сонымен қатар ол актерды жаңа кітабының шығуымен құттықтады.С

Сүйікті актерымды жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүниежүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда мені қолдап, маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің "Авангард" фильміңізде басты әнді орындап, сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Әнші ерекше сыйлық үшін алғысын жаудырды.

 Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім 迪玛希 (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл - үлкен мәртебе! - Димаш Құдайберген.

Димаш Құдайберген мен Джеки Чан бір-бірін 6 жылдан бері біледі. 2017 жылы олар Қытай кинофестивалінде ән орындады. Биыл сәуірде Димаш Құдайберген Джеки Чанның өзі үшін ғана емес, барша халық үшін үлгі екенін айтқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале