23.06.2022, 12:45
Оқылды: 77

Дойбы дарабоздары

14-20 маусым күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында ерлер мен әйелдер және жастар арасында 64 шаршылық дойбыдан Азия чемпионаты өтті.

289727621_1991629701033182_6659540088057613945_n

Чемпионатқа 10 елден 204 дойбышы қатысты. Жарыста ойыншылар классика, рапид және блиц түрлерінен бақ сынады. Осы чемпионатта Батыс Қазақстан облысының құрамасы 8 алтын, 13 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Дойбыдан БҚО аға жаттықтырушысы Данияр Жұмагелдиевтің мәліметі бойынша, батысқазақстандық бес дойбышы Ташкент қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысуда. Олар 100 шаршылық дойбыдан әлем жүйріктерімен сайысқа түседі.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале