23.08.2022, 16:30
Оқылды: 79

Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

4

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,50 теңгеге арзандап, 470,45 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 23 тамыздағы ресми бағамы - 473,99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 469,81 теңге, сату - 474,19 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,04 теңгеден сатып алынып, 473,53 теңгеден сатылып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале