20.07.2026, 16:15
Оқылды: 56

Донор аудандағы дабырасыз тірлік

Бөрлі  ауданында  электр  желілерін  ауыстыру, жаңалау 2023 жылдан бастап қарқын алған.  Бұл туралы аудандық  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар  көлігі  және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы  Берік Қарағойшин  мәлімет берді.  Бүгінде аудандағы электрмен қамту жабдықтарының тозу  көрсеткіші  – 80%. 

бөлім басшысы

Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерінің бірі – тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және оларға қолайлы жағдай жасау. Ауылдық округтер мен Ақсай қаласында биыл бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы мен қайта жаңарту аяқталды. Мәселен, Приурал ауылдық округіндегі 23,4 шақырым электр желісі мен көше шамдары ауыстырылды. Ақсай қаласының оңтүстік бөлігіндегі шағынауданда (Шанхай), 7 және 4-құрылысшы шағынаудандар арасындағы электр желілерін қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Ақсу ауылдық округіне қарасты Ақсу және Жаңақоныс ауылдарындағы электр желілерін қайта жаңарту бойынша ЖСҚ жасақталды. Ақбұлақ су қабылдағышы қайта жаңартылып, пайдалануға берілді, – деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Берік Қарағойшин. Оның айтуынша, Успен ауылдық округінің Жаңаталап кентіндегі 10/0,4 кВ әуе желілері жөнделіп, электрмен жабдықтау нысандары жаңартылған. Яғни көше шамдары мен бағаналары ауыстырылды. Бұл жұмысқа демеуші болған «Қазақстан шел» компаниясы 250 млн теңге жұмсаған.

Нарынбек Қаймулдинов

Үнемделген салық түсімін жарату үлгісі ретінде Бумакөл ауылдық округіндегі Облавка елді мекенінде атқарылған жұмысты ерекше атап өтуге болады. Ауылдық округ әкімі Нарынбек Қаймулдиновтың  айтуынша, салық түсімдерінен үнемделген қаражатқа электрмен қамту жабдықтары жаңартылды. Жергілікті қоғамдық кеңестің келісімімен Облавкадағы электр желілерін жаңғыртуға 7 млн 725 мың  теңге  жұмсалды.

– Әкімдік ауылға 120 темір-бетон бағана, 65 жарықшам сатып алды. Бұл электр жабдықтарын «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС орнатып берді. Күні кешеге дейін ауылда 1960 жылдары қондырылған ағаш-бетон бағаналар тұрған еді. Негізі, Облавкадағы  электр желілерін жаңғырту 2029 жылға жоспарланған. Алайда «Сабақты ине сәтімен» дегендей, былтыр қарашада жүзеге асырдық. Бұған дейін мұздақта, қатты жел тұрғанда жарық жиі сөніп қалатын еді. Биыл қыста мұндай қиындық болған жоқ, – деді ауылдық округ әкімі Нарынбек Өтегенұлы. Бүгінде ауылда 93 аула, 225 тұрғын бар. 2024 жылы Бумакөл ауылының 4,6 шақырым көше жолына түгел асфальт төселген. Ауылдың 1,3 шақырым кіреберіс жолы тегістелген. Электр желілері толықтай  жаңартылған.

WhatsApp Image 2026-04-07 at 10.51.29

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Берік Қарағойшин жол жобаларына қатысты  ақпарат берді. 2025 жылдың сәуір айының басында Бөрлі ауылдық округінде ішкі аутомобиль жолдарын қайта жаңарту басталып, қазан айында толықтай аяқталған. Жоба аясында ауылдағы сегіз көшеге ұзындығы 15,2 шақырым асфальт төселіп, 11 шақырым жаяу жүргінші жолы салынды. Мердігер «Ақсайбизнесстрой» компаниясы 12 айға жоспарланған жұмысты өз қаражаты есебінен жеделдетіп, алты айда аяқтапты. Сондай-ақ Қанай ауылының ұзындығы 2,6 шақырым кіреберіс жолы күрделі жөнделді. Кентүбек ауылының ұзындығы 700 метр кіреберіс жолы да күрделі жөнделді. Кентүбек – Қарағанды – Аққұдық бағытындағы аудандық маңызы бар аутомобиль жолының 0-14 шақырымына орташа жөндеу жүргізілді. Бұл учаскенің ұзындығы – 14 шақырым.

WhatsApp Image 2026-04-07 4at 10.51 (1)

2025-2026 жылдарға жоспарланған жобалардың қатарында Пугачев ауылының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тротуарлары бар ауылішілік жолдарды салу бар.

WhatsApp Image 2026-04-07 at 10.51.19

Бүгінгі таңда ресайклинг және асфальтбетон жамылғысы төселді, жол белгілері орнатылды.

Амангелді – Жарсуат аутомобиль жолының Подстепный – Теректі – РФ шекарасы аудандық жолының сақинасынан Жаңаталап ауылына дейінгі 14 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бұдан өзге екі ауылдың кіреберіс жолдарына   қиыршықтас қабатын төсеу қарастырылған.

Баспана кезегінде тұрғандарға үй беру де күн тәртібіндегі мәселе. Аудандағы елді мекендер аумағында салынған 41 тұрғын үйді баспана кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банк» АҚ арқылы табыстау жоспарланған. Азаматтардың коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайларын жекешелендіру туралы өтініштері қарастырылған. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ-да салымдары бар және тұрғын үйге мұқтаж кезектегі салымшылар үшін 10-шағынаудандағы 198 пәтерлі үйдің конкурсы өтуде. Аталған бағдарлама аясында 9 қабатты 126 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.

Айна Имашева,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале