21.02.2022, 10:10
Оқылды: 88

Допты хоккей: «Ақжайық» «Кировец» командасынан ұтылып қалды

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» кезекті ойындарын Уфада жергілікті «Кировец» командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220207173738275a3896137i

Оралдықтар 19 ақпан күні өткен матчта қарсыласына 2:7 есебімен есе жіберді.

Бұл ойында «Ақжайық» сапынан Павел Чебаков пен ресейлік легионер Сергей Башаев мергендік танытты.

Бүгінгі кездесуде де айдын иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті. Қонақтардан «Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Максим Пахомов пен Орал допты хоккейінің түлегі Болат Мұхит гол соғып, көзге түсті.

Дегенмен оралдық маман Николай Шавалдин шәкірттерінің үшінші топта үздік үштікке ілігуге мүмкіндіктері бар. Ол үшін Орынборда жергілікті «Локомотивпен» 23, 24, 26 және 27 ақпан күндері өтетін қалған төрт матчты сәтті өткізуі керек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» көш бастаушы командаға есе жібергенін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале