24.02.2022, 17:10
Оқылды: 108

Допты хоккей: «Ақжайық» Орынборда екінші рет жеңілді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Орынборда «Локомотив» командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14

Матч басталысымен-ақ ойын тізгінін қолға алған айдын иелері 5:1 есебімен жеңіске жетті.

«Локомотивтен» Сергей Ромашов төрт голдың авторы атанса, тағы бір допты Дмитрий Артеменко енгізді.

«Ақжайықтан» ресейлік Максим Пахомов жалғыз голмен жауап қайырды. Бұл – М.Пахомовтың осы маусымдағы 38-інші голы.

Осылайша Николай Шавалдиннің шәкірттері үшінші топта бесінші орында тұрған командаға екінші рет есе жіберді.

Енді «Локомотивпен» өтетін екі ойында «Ақжайыққа» қалайда үш ұпай алу қажет-ақ. Тек сонда ғана үздік үштіктен көрінеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале