11.09.2024, 14:30
Оқылды: 279

«Дубайдан бұрын Нарынға бару керек!» – шетелдіктер пікірі

Астанадағы V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары этноауылындағы Бөкей ордасының боз үйіне келген шетелдіктер осындай тұжырымға келіпті.

C0C43EAD-8AEF-4C86-88EE-2C77D97240FE

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығы дербес орда тігіп, жәдігерлерін жұрт назарына ұсынып отыр.

Ішкі ордадағы саяси реформалардың қазақ қоғамы үшін тың болғаны рас. Жәңгір – қазақ даласындағы тұңғыш мектептің есігін ашушы. Ыбырай Алтынсарин дүниеге келген уақта, яғни 1841 жылы 6 қазанда Жәңгір ордада мектеп ашып жатқан. Ханның табиғи ресурстарды сақтаудағы саяси шешімдері, қазақ жастарынан мамандар даярлау ісінің маңызы әлі күнге жойылған жоқ.

315CC2E6-545C-4220-9437-7B1B91F6FD5C

Жәңгір бүгін «Болашақ» бағдарламасының негізін өз заманында қолданған.

Білімге құштар, ынталы жеті бозбаланы Ресейге оқуға аттандырды. Бозбалаларды ауылдан 7 шақырымға дейін өзі ұзатып, қалталарына күміс ақша салып шығарып салған. Хан ордасы ауылы – ашық аспан астындағы музей.

1828 жылы 9 сәуірде Жәңгірханға берілген үйді, яғни хан резиденциясын, қазынашылық, дәріхана мекемелерін, мешітті, жәрмеңкені көрем десеңіздер, мархабат.

– Шетелдіктер Нарын құмы мен түйелерді көріп, Дубайдан бұрын, Ордаға бару керек деген ойларын айтуда, - дейді музей-қорықтың директоры Ғайса Махимов.

Бөкейдің үйінен қазы, тархан Жәбір Хамадовтың Құран кітабы, өлшегенде келі мен футты қатар көрсететін айтаразы секілді ерекше жәдігерлерді көруге болады.

Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале