25.08.2022, 11:45
Оқылды: 78

Джорджия қорығында құс тұмауынан жүздеген жабайы құс қырылды

Джорджия штатында «Нұқ кемесі» қорығында құс тұмауынан 700 жабайы қара жұртшы құс қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

220824151530519e

Ресми тұлғалар алдын ала сынақ туралы хабарлап, «Нұх кемесінде» ұя салатын қара жұртшы құстар H5N1 жоғары патогенді штамм салдарынан жаппай қырылғанын айтты.

Қорықтың жануарларды күту жөніндегі менеджері Эллисон Хеджкот мемлекеттік қызметшілер тағы 30-ға жуық басқа құстың көзін жойғанын айтты.

«Нұқ кемесі» Генри округінің Локуст Гроув қаласында, Атлантадан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км жерде орналасқан. Қазіргі уақытта қорық 3 қыркүйекке дейін жабылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Джорджия Табиғи ресурстар министрлігі вирустың таралуына жол бермес үшін «Нұқ кемесінің» айналасында алты мильдік (9,6 км) карантин периметрін орнатты. Құс тұмауының өршуі биыл АҚШ-та 40 миллион тауық пен күркетауықтың және 2 мыңға жуық жабайы құстың қырылуына әкелді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале