ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің дерегіне сәйкес, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Фото: olympickz
Онда 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Шерзод Давлатов бірден 15 сатыға жоғары көтеріліп, 3263 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасты. Бұл тізімде әзірбайжандық Ахмад Юсифов (5180 ұпай) көш бастаса, оның жерлесі Балабей Агаев (4823 ұпай) екінші, ал ресейлік Аюб Блиев (4600 ұпай) үшінші сатыға тұрақтады.
Еске сала кетейік, отандасымыз жуырда Бакуде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.