Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

ЕАДБ Қазақстанға тартылған инвестициялар қарқынын арттыруда

Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 2022-2026 жылдарға арналған стратегияны іске асырудың алғашқы екі жылының қорытындысы бойынша жоспардан 70%-ға артып, $2,2 млрд-тан асуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Банктің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесуі барысында белгілі болды.

3_138

Николай Подгузов Қазақстан ЕАДБ-ден тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті. Түрлі салаларда $5,6 млрд-қа 104 жоба іске асырылды. Бұл күн және жел генерациясының құрылысы, өңдеу секторы, химия өнеркәсібі  кәсіпорындарын, ЖЭО, көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғыртуға, сондай-ақ пойыздардың құрамдас бөліктері паркін жаңартуға, АӨК секторы компанияларын дамытуға, әуежайлар, магистральдық газ құбыры құрылысына және т. б. қатысты.

Биылғы маусым айында Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкімен серіктестікте ЕАДБ-ның қаржыландыруымен салынған Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы бойынша көлік қозғалысы ашылды. Қазіргі уақытта ЕАДБ халықаралық серіктестермен бірлесіп, Алматы әуежайын кеңейту мен жаңғыртуды қаржыландыруда. Оған қоса «Аягөз – Бақты» т/ж желісі және Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа шекара бекетін салу жобаларының перспективасы да жоғары болып отыр. Жаңа инфрақұрылым жүк айналымын жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп болжануда.

Сонымен қатар Банк «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялауға және кеңейту жобасына да қатысуға ниетті. Жобаның әлеуметтік маңызы жоғары екенін ескере отырып, арнайы қаржыландыру шарттарын ұсыну жоспарланып отыр.

Әлихан Смайылов ЕАДБ-ның республиканың инфрақұрылымдық дамуындағы рөлі маңызды екенін және еліміздің ұлттық даму мақсаттарын ескеретін тәсілінің дұрыс екенін атап өтті.

Анықтама: Еуразиялық даму банкі – еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметін жүзеге асырып келе жатқан халықаралық қаржы ұйымы. 17 жылдан астам уақыт бойы ЕАДБ қатысушы елдердің экономикалық байланыстарын нығайтуға және кеңейтуге, сондай-ақ  жан-жақты дамуына жәрдемдесіп келеді. ЕАДБ-ның жарғылық капиталы $7 млрд-ты құрайды. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлес көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобаларға тиесілі. Банк өз жұмысында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале