12.07.2022, 15:30
Оқылды: 250

«EcoBatys» жобасы таныстырылды

Бүгін Орал қаласында  «EcoBatys» жобасы таныстырылды. Достық үйінде өткен жиынға БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

баха

«EcoBatys» жобасының мақсаты халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, өңірлерді көгалдандыру, су ресурстарын тазартуға бағыттау. Ең бастысы адамдардың қоршаған ортамен байланысын нығайту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов экологиялық жобалардың қашанда сұранысқа ие екендігін, халықтың экологиялық мәдениеті мен сауатын көтеру жолында әлі көп жұмыс істелу қажеттігін атап өтті.

Бұл жоба Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын болады.  Ол үшін «Шелл Қазақстан» компаниясы 60 млн.теңге қаржы бөлген.

эко

Жобамен біздің облыста бірнеше үкіметтік емес ұйым айналысады.

экология

-Олар Жайық өзенінің экожүйесін сақтауға, ормандарды тазалау, көшеттер отырғызу т.б бағыттарда  жұмыс істейтін болады, - деді Азаматтық басқармаларды қолдау орталығының жетекшісі Жасұлан Бисембиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале