Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамытудың маңыздылығына назар аударды.

«Мемлекет басшысының конституциялық реформасы елімізді одан әрі жаңғыртуға, оның ішінде экономиканың барлық саласын дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және импортқа тәуелділікті азайту өте өзекті мәселе болып отыр»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұл тұрғыда көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу ерекше маңызға ие.
«Қазіргі таңда басты міндет – егіс науқанын сапалы жүргізу.
Үкімет тарапынан барлық қажетті жағдай жасалды. Қаражат бөлінді, фермерлерді техникамен және ресурстармен қамтамасыз ету шаралары қабылданды» ,
— деп атап өтті Премьер-министр.