31.01.2023, 10:00
Оқылды: 66

Екі жылдық есеп

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев депутаттық фракцияның екі жылдық жұмыс қорытындысы бойыншa бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында есеп берді. 

мукаев

Партия төрағасының сөзінше, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциясында 153 фракция мүшесі  бар. Фракция мүшелері жол картасын бақылау және орындаумен қатар, өз бастамалары бойынша жеке жобаларды жүзеге асыруды қолға алған. Соның нәтижесінде оңтүстік аудандардағы кейбір мәселенің шешілуіне ықпал етті.

– Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала аудандарының жұртшылығымен өткен кездесулерде ақбөкеннің келтіріп отырған залалы туралы мәселе айтылды.

Бұл мәселенің шешілуіне ықпал жасау мақсатында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы фракция мүшелерінің атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н. Нығматуллинге, сол кездегі ҚР Премьерминистрі А. Маминге «Бөкей ордасы» мемлекеттік резерватын ашу, киік санын азайту мақсатында ақбөкеннің етін, терісін, мүйізін өңдеп, сатуды жолға қоятын мемлекеттік немесе жекеге тиесілі аң аулау кәсіпорнын ұйымдастыру туралы хат жолданды. Бұл тұрғыда, 2021 жылға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылып, оның штат санын Мемлекет басшысымен келіскеннен кейін республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілетіні жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен жауап хат келді. Сондай-ақ Сарыөзен мен Қараөзенге келетін су деңгейі күрт төмендеп кеткен. Мұның өзі аталған оңтүстіктегі аудандар тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысуына кедергісін тигізуде. Басты себеп – Ресей Федерациясындағы Еділ өзенінен қос өзенге канал арқылы келетін судың мөлшері азайған. Қазақстан Ресейден Еділ суын алуға қаражатты республикалық бюджет есебінен төлейді. Қаражат мәселесін шешуді сұрап, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы  фракциясы 24 мүшесінің атынан Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің төрағасы Н. Нығматуллинге, сол кездегі Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А. Маминге хат жолдадық. Осы сауалымызға  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді. Онда Батыс Қазақстан облысындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту мақсатында Еділден ағатын 132,9 млн текше метр көлемінде суды сатып алуға 2021 жылға арналған республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу туралы ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданғаны айтылды, – деді Мұрат  Рахметұлы.

Бұдан әрі Мұқаев облыстағы бизнес өкілдерінің есебінен әлеуметтік нысандардың ашылып жатқаны жөнінде баяндады. Оның айтуынша, облыстық мәслихаттың депутаты, фракция  мүшесі Тұрарбек Тілемісов өз қаржысынан  онкологиялық дертке шалдыққан азаматтарға палиативтік көмек көрсету орталығының ашылуына 400 млн теңге жұмсаған. Ал фракция мүшесі, жеке кәсіпкер Нұрғазы Сәтбаев ірі медициналық орталық ашса, биыл жеке мектеп салуға ниет білдірген. Былтырғы көктемде Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылын су басқанда алғашқы болып партияның фракция мүшелері қол созды, ел-жұрттан жылу жинап, тұрғындарға қажет тұрмыстық заттар мен  басқа да  жабдықтарды жүк көлігімен жеткізді. Сол сияқты Ақжайық аудандық фракция мүшелері аз қамтылған 25 отбасының балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдарын  алып  берген.

– «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сай Тасқала ауылындағы Пушкин көшесінде орналасқан 3 қабатты 18 пәтерлі үйдің құрылыс жұмысы аяқталды. Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін Тасқала аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері үнемі бақылау шараларын қолға алды, -  деді М.Мұқаев.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале